Бүгін мектебімізде «Жыр болып жүрек сөйлейді» атты тағылымды поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Кештің қадірлі қонағы – «Ақтөбе» газетінің бас редакторының орынбасары, жас ақын, 2026 жылы жарық көрген «Жүрек сыры» жыр жинағының авторы Данагүл Қазиханқызы болды.
Рухани кешке 11-сынып оқушылары, мектеп кітапханашысы Уналбаева Г.К. және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ажымбаева А.К., Ниязгалиева Л.Е., Утешова Ш.К. қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзияның рухани құндылығын терең түсіндіру, жас қаламгердің шығармашылығымен таныстыру және оқушыларды өз ойларын көркем әрі әсерлі жеткізуге баулу.
Кеш барысында оқушылар ақынның шығармашылық жолымен танысып, өлең әлеміне бойлады. Ақынның жүрек тереңінен шыққан жырлары арқылы поэзияның адам жанына әсері, сөз өнерінің құдіреті мен рухани маңызы айшықталды. Жылы жүздесу мен әсерлі әңгіме оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, көркем сөзді бағалауға, поэзияны сүюге және ұлттық әдеби мұраға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
