2026 жылдың 10 маусымы мен 31 тамызы аралығында Ақтөбе қаласының мектептерінде балаларды 1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылданады.
Өтініш OQU порталы арқылы беріледі.
📌 Қажетті құжаттар:
- ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
- 3×4 форматтағы баланың фотосуреті;
- баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны). 2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электрондық форматқа ауыстырылды;
- профилактикалық егу картасы (№065/у нысаны);
- қажет болған жағдайда-ПМПК қорытындысы (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация).
⏳ 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:
- сыныптарда бос орындардың болмауы;
- ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анық еместігі немесе нақтылығы.

