Жүректен жүрекке

Әкімшілік хаб

Бізде жаңа жоба басталады. “Жүректен жүрекке” жобасы оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл – оқу жылының соңында мектеп директорына хат жазуға мүмкіндік беретін жоба.

Жоба атауы: «Директорға хат: Жүректен жүрекке»

Жобаның мақсаты:
Оқушылар өз пікірін, ұсынысын немесе алғысын мектеп директорының атына еркін әрі құрметпен жеткізе алатын қауіпсіз орта құру.

Ұраны:
«Идеяң бар ма? Ұсынысың? Сұрағың? Директорға жаз!»

Хат форматы:

Анонимді немесе аты-жөні көрсетілген — оқушының таңдауы бойынша.
Хатты жеке оқушы жаза алады немесе бүкіл сынып атынан.
Сондай-ақ, қысқа бейнеүндеу (видео) де жіберуге болады.
Өткізілу мерзімі: 2025 жылғы 22 мамырға дейін.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

Хат немесе бейнеүндеу сыпайы және сындарлы болуы тиіс.
Идеялар, өтініштер, шағымдар мен алғыстарды білдіруге болады.
Балағат сөздер, қорлау, спам — қатаң тыйым салынады.
Хатты қайда тапсыру керек:
Хаттарға арналған арнайы жәшік екінші қабатта, мектеп психологының кабинеті жанында орналасқан.

P.S. Видеоүндеулерді мына нөмірге жолдауға болады: +7 705 478 7763

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ