АЛҒЫС
Құрметті 1 «Б», 1 «В» және 1 «Г» сыныптарының ата-аналары мен оқушылары!
Ақтөбе қаласы №27 орта мектеп-лицейінің әкімшілігі Жеңіс күні мерекесіне орай тыл ардагерлерін құттықтау шарасына белсене қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреді!
Сіздердің атсалысуларыңыз бен қолдауларыңыз жастарға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі болып табылады. Балаларымыздың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына, ардагерлерімізге құрмет көрсетуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды айтамыз!
Арнайы алғысымызды 1 «Б» сыныбының жетекшісі Куценко Л.И., 1 «В» сыныбының жетекшісі Кривобок Т.Н.,1 «Г» сыныбының жетекшісі Сомова О.А.-ға білдіреміз!