Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі

7 ”А, Ә” сынып ата-аналарына
“Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі” тақырыбында педогогикалық қолдау орталығы аясында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін түсініп, олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын қарастыру болды.

Кездесу барысында келесі бағыттар қамтылды:

  1. Жасөспірімдердің физикалық, психологиялық және әлеуметтік даму кезеңдері туралы мәлімет берілді.
  2. Эмпатияны дамыту және жасөспіріммен сенімді байланыс орнату тәсілдері түсіндірілді.
  3. Жасөспірімнің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға арналған ұсыныстар қаралды.
  4. Жасөспірімдерге қолайлы орта қалыптастыру әдістері талқыланды.
    Жиналыс барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алдынды.
    Өткізген:
    7”Ә” сынып жетекшісі: Шуленова А.Е
    7”А” сынып жетекшісі: Құдабаева Ж.Р
"№27 орта мектеп-лицейі" КММ