Бүгін 25.02.2025 ж. «BILIM QAZINA» КММ жоспарына сәйкес «№ 27 ОМЛ» КММ базасында «Жасөспірімдермен жұмыстағы арт терапия» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: қалалық мектеп психологтарын жасөспірімдермен жұмыс істеудің арттерапиялық әдістерімен таныстыру. Семинарға «Bilim QAZINA» КММ әдіскері — Кулжанова Роза Жұмабековна және М. Оспанов атындағы медицина университетінің Психология кафедрасының өкілдері – А. И. Миралеева, Г. К. Неталина, Г. С. Куркбасова, М. М. Книсарина қатысты. Семинарда теориялық және практикалық жұмыстар жүргізілді, «№ 27 ОМЛ» КММ мектебінің психологтары В. А. Литвиненко, А.С. Бекбосынов қатысушыларды арт-терапия әдістерімен таныстыра отырып, оларды іс жүзінде қалай қолдануға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетті.