Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Берик Абдисултанович Буранбаев және Ақтөбе облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асау Бауыржан Жақсылықұлы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, соның ішінде есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі құралдарының заңсыз айналымының зияны, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлері, интернет арқылы таралатын тыйым салынған заттардың қауіптілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану және заң талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде нақты мысалдар келтірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың құқықтық білімін арттыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.
