Жасанды интеллектті сабақта қолдану: тиімді тәсілдері мен тәжірибе

Семинарлар

29 қазан күні №27 орта мектеп-лицейінде мектепішілік «Жасанды интеллектті сабақта қолдану: тиімді тәсілдері мен тәжірибе» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заманауи білім беру үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, сондай-ақ жас мамандар мен тәжірибелі педагогтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.
Семинар барысында қатысушылар ЖИ технологияларын сабақта қолданудың заманауи тәсілдерімен танысып, нақты тәжірибелік мысалдар арқылы өз жұмыстарында қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді талқылады. «Қазіргі заман мұғалімінің жаңа құзыреті — жасанды интеллектпен жұмыс» ұстанымын негізге ала отырып, ұстаздар білім беру саласындағы инновациялық үдерістерге бейімделудің маңыздылығын айқындады.
Іс-шараның ерекшелігі — жас мамандар мен тәжірибелі педагогтардың өзара пікір алмасып, бір-бірінен үйренуге бағытталған сындарлы орта қалыптастыруында.
Инновацияға қадам басқан ұстаздар – болашақ білімнің көшбасшылары екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Семинарды ұйымдастырғандар:
– мектептің жас мамандармен жұмысқа жауапты Ұлболсын Аскаровна,
– ЖИ бағытындағы жауапты маман Диана Айбековна.
Олардың ұйымдастырушылық қабілеті мен шығармашылық көзқарасының арқасында семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды іс-шара болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ