Жаңа технологиялық әдістер: оқушылардың химия сабағына қызығушылығы мен ізденістерін ояту кілті

2025 жылдың 7 ақпанында №27 жалпы орта білім беретін мектебінде химия пәнінің мұғалімі Буркутова Ляйля Жиенғалиқызының «Жаңа технологиялық әдістер: оқушылардың химия сабағына қызығушылығы мен ізденістерін ояту кілті» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Мақсаты: Қатысушыларды геймификация негіздерімен және химия сабақтарының жаңа технологияларымен таныстыру, оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектесетін практикалық құралдарды көрсету.

Семинарға «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері А.Садықова және қала мектептерінің химия пәні мұғалімдері, сонымен қатар ZOOM жүйесі арқылы облыс мұғалімдері қатысты. Шеберлік сабағында педагог түрлі әдістер мен қолданбаларды ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша қызықты эксперименттермен бөлісті.
Шеберлік сабағы «Табиғи индикаторлар» форматындағы рефлексиямен аяқталды

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ