Білім беру ұйымы арқылы мемлекеттік материалдық көмек көрсету қағидалары туралы ақпарат
Жалпыға бірдей оқыту қорынан көмек алуға құқығы бар мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің санаты:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы-43 581 теңге.
1, 2-тармақшаларда көрсетілген санаттағы адамдардың ата-аналарына мәртебесін жаңарту немесе алу үшін Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы (АӘК);
- аз қамтылған отбасы (табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен). Мәртебесі расталғаннан кейін білім беру ұйымына өтініш беру қажет.
3, 4, 5-тармақшаларда көрсетілген тұлғалар санатындағы ата-аналар; білім беру ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет.
Өтінішке растайтын құжаттар қоса беріледі:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы “аварияларды, зілзалаларды,зілзалаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы” № 46 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі; төтенше жағдайларға алып келген апаттар”.
5-тармақшада көрсетілген адамдардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының алқалы органы айқындайды.
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі.