Бүгін №27 орта мектеп-лицейінде «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен заманауи талаптарға сай жабдықталған екі инклюзия кабинеті салтанатты түрде ашылды.
№27 орта мектеп-лицейінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 54 бала білім алады. Әр баланың өзіндік ерекшелігі мен білім алуға деген қажеттілігі бар. Сондықтан балаларға жайлы, қауіпсіз әрі дамытушы орта қалыптастыру — басты міндеттеріміздің бірі.
Жаңа кабинеттерде мамандардың сапалы жұмыс жүргізуіне және балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Кабинеттерде: логопед жұмысына арналған ақылды айна; релаксация аймағы; гидропоника; қыш құмыра жасау шеберханасы; түрлі дидактикалық материалдар; арнайы тренажерлер мен дамытушы құралдар қарастырылған.
Бұл — жай ғана кабинеттер емес, әр баланың мүмкіндігін ашуға, қолдауға, дамытуға және өзіне деген сенімін арттыруға арналған ерекше орта.
Бүгінгі салтанатты шарада лентаны қалалық білім бөлімінің әдіскері Раушан Қабдушовна Темирова және ардагер педагог Алтын Бахратдинқызы Қуанышева қиды.
Ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, балалар үшін осындай заманауи жағдайлардың жасалғанына ризашылықтарын жеткізді.
🙏 «Самұрық-Қазына» қорына балаларға қолдау көрсетіп
