Қазақстанда «Оқуға құштар ұлт» тұңғыш республикалық кітап оқу марафоны басталды!

Кітапхана іс-шарасы

Кітап оқығанды ұнатасыз ба әлде бұл істі пайдалы әдетке айналдырғыңыз келіп жүр ме? Онда бұл сіз үшін таптырмас мүмкіндік!
Марафон: қыркүйек 2026 – сәуір2027.
Қатысуға 7 бағыт бойынша болады:
🔹 Оқитын мектеп — 6–10 сынып оқушылары үшін
🔹 Оқитын колледж
🔹 Оқитын университет
🔹 Оқитын педагог
🔹 Оқитын әулет
🔹 Оқитын мемлекеттік қызметші
🔹 Оқитын зиялы
👉 Не істеу керек?
2027 жылдың наурызына дейін жобаның арнайы қорынан (тізімде барлығы 330 үздік шығарма бар) 15 кітап оқып, жеке кабинетте қысқаша пікір (рецензия) қалдыру қажет. Көктемде қатысушыларды финалдық тестілеу мен зияткерлік квиздер күтеді.
💰 Өңірлік кезең жеңімпаздарына арналған ақшалай жүлделер:
🥇 1-орын — 600 000 теңге
🥈 2-орын — 450 000 теңге
🥉 3-орын — 300 000 теңге
🎖️ Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Тіркелу басталып кетті! Өз лигаңызды таңдап, бағыңызды сынаңыз және шынымен де оқуға құштар ұлт екенімізді дәлелдеңіз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ