✨🍁📚Ұстаздар күніне орай, № 27 орта мектеп-лицейінің кітапханасы педагогтердің еңбегіне, олардың қоғамдағы рөліне және әдебиеттегі бейнесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде ұлттық педагогиканың негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин және басқа да ағартушылар туралы басылымдарға ерекше орын берілген. Сондай-ақ, топтамаға бас кейіпкері ұстаз болатын көркем әдеби шығармалар да енгізілген.
Баршаңызды асыға күтеміз! Келіңіздер, бізбен бірге даналық пен ағартушылық әлеміне еніңіздер.
