Ұстаз -аты биік әрі мәңгілік

№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында “Ұстаз -аты биік әрі мәңгілік” тақырыбында көрме өтті. Көрмеде адамды тәрбиелеу мен оқыту ғылымы – педагогикаға арналған кітаптар, қазақ зиялылары туралы еңбектер, көрнекті ағартушы және педагог Ы. Алтынсарин мен ақын-ағартушы А. Құнанбаев туралы кітаптар ұсынылған.
Мақсаты – оқушыларға мұғалім еңбегінің ұлылығын түсіндіріп, бұл мамандықтың қаншалықты күрделі әрі жауапты екенін жеткізу.
Мереке қарсаңында барлық ұстаздарға зор денсаулық, сабыр, табыс, шәкірттерге беріп жүрген асыл білімдері мен игі еңбектері үшін алғыс пен құрмет тілейміз.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ