Ұлттық кітап күні

№27 орта мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары аясында 23 сәуір күні – «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың шығармаларын бірыңғай оқу сағаты өткізіледі.
Оқу сағатының мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең таныту арқылы жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету, Абайдың ой-толғамдары мен даналық сөздері арқылы адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонымен қатар оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, тіл байлығын жетілдіру және өзіндік ой-пікірін еркін жеткізуге баулу.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ