«Сыбаға» ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі аясында кітапханада 5 «Б» сынып оқушыларымен (сынып жетекшісі Л.Е. Ниязгалиева) «Ұлт үні -ұрпақ үні» атты ақпараттық сағат өткізілді. Кітапханашы Кумыкбаева У.Ж. бата, шілдехана, тусау кесу, сүйінші, байғазы, сәукеле кигізу сияқты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы және тарихтан жаңа заманға дейін дамып келе жатқан салт-дәстүрлер туралы айтты.
Көрмеден қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Қазақтың дарқан дастарқаны» және т.б кітаптарды ұсынды.
«Халықтың салт-дәстүрі – мұраң», «Кім көп біледі?» викторинасында оқушылар жақсы білімдерін көрсетті.
