Түлектер – 2025

Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушылары үшін салтанатты шара өтті.
Бұл – толқынысқа, сағынышқа, қуанышқа толы ерекше күн. Жас түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасады.
Мұғалімдер ақ жол тілеп, жүрекжарды тілектерін арнады.
Жарқын болашаққа бастар қоңырау үні әр жүректе үмітке, арманға, сенімге толы жаңа белестің бастамасына айналды.

Барша түлектерге сәттілік, ашық жол, армандардың орындалуын тілейміз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ