“Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың іргетасы”.
№27 орта мектеп-лицейінде 5 қыркүйек – ұлық мерекеден бастау алған “Тіл – татулықтың тірегі” атты тілдер апталығы аясында жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар жүргізіліп, мерекелік концертпен түйінделді.
Іс-шараға мектебіміздің өзге ұлтты білім алушылары белсене қатысты. Тіл жанашырлары ақын-жазушылардың саф тұнық жырларымен сусындады. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып білуге бағытталған мерекелік шаралар осымын түйінделді. Тілге құрмет – елге құрмет.
