Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Адал ұрпақ клубы

2025 жылдың 02-09 желтоқсан аралығында мектебімізде “Адал ұрпақ” еріктілер клубының ұйымдастыруымен 5–9 сынып оқушылары арасында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, азаматтық ұстанымын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға әр сыныптан белсенді оқушылар қатысып, тақырыпқа сай мазмұнды, мағыналы суреттер ұсынды. Оқушылар өз жұмыстарында әділдік, парасаттылық, адалдық ұғымдарын көркемдік тілмен жеткізді

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ