№27 орта мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары аясында Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне оқушылар белсене қатысты. Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы — қағаз кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретінін және технология ғасырында да құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
Кітап оқу — дамуға және демалуға ғана емес, жалпы өмірімізді жақсартуға көмектесетін маңызды әрекет. Кітаптар әлеміне еніп, олардан керемет ләззат алыңыз!