Ата -аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында “Сапалы ұйқы балалардың дамуы мен денсаулығының негізі” тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Сабақ барысында ата-аналармен топтық жұмыстар, пазл құрастыру, сергіту жаттығулары, идеялар шеберханасы әдістері ұтымды жүріп, ұйқы туралы толық ақапарат берілді.
Сабақ барысында ата-аналар баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуді, ұйқының баланың денсаулығы мен дамуына әсерін түсініп, баланың дұрыс ұйқысын ұйымдастыру дағдыларын меңгерді. Жауаптылар: Наурызбекова Р.М.Абдинагиева У.А.