Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі

Оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған облыстық «Қадам-life» жобасы аясында бүгін, 04.04.2025ж. «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі» ұжымы мамандары №27 орта мектеп-лицейінде жұмысшы мамандығын дәріптеу мақсатында ақпарат берді.
Колледж және мектеп әкімшілігі өзара ынтымақтастық байланыстарды дамыту, кәсіби бағдар беру жұмысын жандандырып, іскерлік байланыстарды нығайту туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.
Мектептің акт залында 9-сынып оқушыларына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтары «Машина жасау технологиясы», «Токорлық іс», «Технологиялық процестерді автоматтандыру», «Электр жабдықтары», «Шаштараз» сынды қазіргі заманғы кәсіби әдістер мен құралдарды қолдану, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толыққанды мәліметтер айтылып, жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, еңбекте орнын табуға кеңестер берілді.
Шара барысында, колледж оқытушылары мен студенттері өз мамандықтары, жұмысшы бағдарламасының ерекшеліктері, үздік түлектеріміздің өз колледжінде жұмысқа орналасып қазіргі таңда нағыз маман иесі екенінің дәлелін көрсетіп, республикалық, халықаралық жарыстардың ғылыми пайдасы туралы сөз қозғап, өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын назарға ұсынды.
​Оқушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап алды. Колледж мамандары түлектерге болашаққа нық қадам жасауға,кәсіптік саланы таңдаудағы оңтайлы мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес берді. Алдағы уақытта, колледжде өтетін “Jas skills”байқауына шақыртылып, бірлескен спорттық шаралар өткізу жоспарға қойылды.

КГУ "Средняя школа-лицей №27"