📚❤️№ 27 орта мектеп-лицейінің оқушылары «Оқитын ұлт» және «Балалар кітапханасы» ауқымды ұлттық жобалары аясындағы «Отбасымен кітап оқу» акциясына қатысты.
📚🏫Бұл жоба отбасылық оқу дәстүрін жаңғыртуды және орта буын оқушылары арасында оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Науқанның басты мақсаты – қазіргі заманғы отбасылардың өмірінде кітап пен мектеп кітапханасының рөлін арттыру, сондай-ақ ортақ зияткерлік іс-әрекет арқылы ұрпақаралық байланысты нығайту.
Отбасылық оқу бастамасының ұраны: «Балаларыңызға оқып беріңіз, балаларыңызбен бірге оқыңыз және балаларыңыздың сізге оқып беруіне мүмкіндік жасаңыз!»
