2025 жылдың 31 қазан күні мектеп базасында сынып жетекшілерге арналған семинар-практикум өтті.
Тақырыбы:
«Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау: мазасыздықтың, буллингтің және сыныптағы жанжалдардың алдын алу».
Іс-шараның мақсаты — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және мазасыздықтың, буллингтің, қақтығыстардың алдын алу бойынша тәжірибелік дағдылар қалыптастыру.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
• 5–8 сынып оқушылары арасындағы мазасыздықтың себептері мен белгілері;
• буллинг пен жанжалдың алдын алуда сынып жетекшісінің рөлі;
• қауіпсіз әрі қолдаушы сынып ортасын қалыптастыру жолдары;
• мұғалім, психолог және ата-ананың өзара байланысы.
Тәжірибелік бөлімде «Әлеуметтік желілер және мазасыздық» атты интерактивті жаттығу өткізілді. Қатысушылар әлеуметтік желілердің балаларға әсерін талдап, алдын алу тәсілдерін ұсынды.
Семинар қорытындысында мұғалімдер тақырыптың өзектілігін атап өтіп, тәжірибе алмасты және оқушыларға психологиялық қолдау көрсету бойынша нақты ұсыныстар алды.
Жауаптылар: Карагулова А.З., Жаналина А.Б., Таженова А.Е.
