Назар аударуды дамыту: Баланың табысты болуына жол ашатын қабілет

«Ата-аналарды қолдау орталығының » жылдық жоспарына сәйкес, желтоқсан айының 13-і күні бастауыш сынып мұғалімдері Сүйеубаева Ж.Ж мен Онайбаева Н.Ж ұйымдастыруымен «Назар аударуды дамыту: Баланың табысты болуына жол ашатын қабілет» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста назар аударуды дамытудың маңыздылығы, кезеңдері, әдіс-тәсілдері және кеңестер бойынша талқылаулар жүргізілді. Ата-аналарға үй жағдайында орындауға болатын тәжірибелік жадынамалар таратылды. Психолог Айсұлтан Сақытжанұлы ата-аналармен психологиялық тренинг ұйымдастырды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ