Мектебімізде мобильдік топтың кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында оқушылардың тәртібі, оқу үлгерімі және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, тәуекел тобындағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстар талқыланды.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және ата-аналар қатысты. Әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және ата-аналармен байланысты нығайту қажеттілігі атап өтілді.

