№27 ОМЛ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша оқырман конференциясы өтті. Оқырман конференциясына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Т.Сакауованың жетекшілігімен 5 «А», «Ә», «Г» сынып оқушылары қатысты. Конференция барысында оқушылар «Менің атым Қожа» повесінің жазылуы және фильмінің түсірілу тарихымен танысты. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына талдау жасады. Балалар оқиғаның ең қызықты үзінділерін, сүйікті кейіпкерлерінің бейнелерін талқылап, бас кейіпкердің іс-әрекетіне баға берді.
Жазушы өмірінен сыр шертетін слайд көрсетілді. Шарада көрнекті балалар жазушысының шығармалары қойылған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі таныстырылды. Конференция барысында оқушылар «Менің атым қожа» фильмінің үзінділерін тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді.