Мектепішілік тәртіп пен білім сапасын арттыру мақсатында сабаққа жиі кешігетін білім алушылардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар барысында білім алушылардың сабаққа кешігу себептері сараланып, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, уақытты тиімді пайдалану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес ата-аналардың міндеттері ескертіліп, баланың сабаққа уақтылы қатысуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында әр ата-анамен жеке профилактикалық әңгіме өткізілді. Білім алушылардың мектеп формасын сақтау, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарымен келуі және тәртіп нормаларын орындауы туралы нақты ұсыныстар берілді.
Ата-аналар тарапынан түсіністік танытылып, алдағы уақытта балаларының сабаққа кешікпеуін қадағалауға уәде берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау жұмыстары жалғасатыны ескертілді.


