2025 жылдың 22 қыркүйегінде мектепте ата-аналар комитетінің І отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы – «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» болды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалып, мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайту жолдары қарастырылды. Ата-аналар тәрбиенің сапасын арттыру, оқушы бойында жауапкершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу екіжақты түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға негіз болды.

