№27 орта мектеп–лицейінің кітапханасында «Мектеп оқулығын сақтайық» атты мектеп оқулықтарының сақталуын тексеру бойынша рейд өткізілді.
Тексеру 1–11 сыныптардың барлығында жүргізілді. Рейдтің мақсаты – оқушыларды кітапхана оқулықтарын дұрыс әрі ұқыпты пайдалануға үйрету. Тексеру барысында сабақта оқулықтардың болуы, олардың қаптамасының бар-жоғы, қолтаңбалардың жазылғаны және оқулықтың сыртқы жағдайы қаралды.
Рейд барысында оқушыларға мектеп кітапханасының оқулықтарын пайдалану ережелері және оқулықтарды бүлдіргені немесе жоғалтқаны үшін жауапкершілік бар екені тағы да ескертілді.



