№27 орта мектеп-лицейде «Мектеп оқулығын сақтайық» атты мектеп оқулықтарының сақталуын тексеру мақсатында рейд өткізілді.
Рейдтің мақсаты – балаларға кітапхана оқулықтарын дұрыс және ұқыпты ұстауды үйрету, сабақта оқу құралдарының болуы, мұқабасының болуы, қолтаңбасы, оқулықтың сыртқы түрі тексерілді. Рейд барысында оқушыларға мектеп кітапханасындағы оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері және оқулықтардың бүлінуі мен жоғалуы үшін жауапкершілік тағы да ескертілді.