Мектебімізде 2–7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді

Семинарлар

Мектебімізде 2–7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурсқа барлығы 18 оқушы қатысып, 15 жұмыс ұсынылды.
Жас зерттеушілердің жұмыстарын әділ және объективті бағалау мақсатында мектеп директорының 2025 жылғы 13 қазан күнгі №292-н бұйрығымен тағайындалған әділқазылар алқасы жұмыс атқарды. Әділ-қазылар ереже мен талапқа сай, қатаң талаппен жұмыс жүргізді.
Конкурс барысында оқушылар өз зерттеу жобаларын төмендегі бағыттар бойынша қорғады:
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
• Химия, биология
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
• Орыс тілі мен әдебиеті
• Тарих, өлкетану
• Этномәдениеттану
• Технология және өнер
• Медицина
Бағалау барысында қатысушылардың жобаны қорғау шеберлігі, жұмыстың ережеге сай орындалуы және ғылыми негіздемесі ескерілді. Жобалар сайысы жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өз зерттеу жұмыстарында шығармашылық көзқарас пен ғылыми ізденісті көрсетті. Нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар қалалық кезеңге жолдама алды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ