Қыз бала құқығы – адам құқығы

Мектеп Парламенті

№27 орта мектеп-лицейінде білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қыз балалардың құқықтарын қорғау және олардың қоғамдағы орнын түсіндіру мақсатында «Қыз бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында ашық диалог ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға қыз балалардың құқықтары, гендерлік теңдік, жеке қауіпсіздік және қоғамдағы өз орнын табу мәселелері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар қыз балалардың білім алуға, еркін пікір білдіруге, қауіпсіз өмір сүруге және өз мүмкіндіктерін дамытуға толық құқығы бар екені түсіндірілді.
Ашық диалог барысында білім алушылар өз ойларын еркін айтып, түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Қатысушылар қыз балаларға құрметпен қарау, олардың құқықтарын сақтау және бір-біріне қолдау көрсету туралы маңызды ойларымен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қыз балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне назар аударту және қоғамда теңдік пен сыйластық құндылықтарын насихаттау болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ