Қыран Елім – Қазақстаным!

Іс-шаралар

✨ 25 қазан – Республика күніне орай №27 орта мектеп-лицейінде «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

🎉 Мерекелік шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және тәуелсіз еліміздің тарихын ұлықтау.

🎶 Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, домбырамен терме орындалып, әсем билер мен әсерлі өнер көрсетілімдері ұсынылды. Оқушылар өз өнерлері арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін, елге деген мақтанышын жеткізді.

💙 Республика күні – азаттығымызды айшықтап, бірлігімізді бекемдейтін, елдігімізді дәріптейтін ұлық мереке!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ