Курстан кейінгі қолдау: қаржылық сауаттылықты дамытудағы тиімді тәжірибелер

Семинарлар

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында №27 мектеп-лицейінің базасында филиалдың кафедра меңгерушісі, магистр Б. Бухарбаевтың жетекшілігімен «Тиімді қаржылық жоспарлау: қауіпсіз болашаққа қадам» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты тек теориялық ұғым ретінде емес, оқушылардың өмірлік маңызды дағдыларын қалыптастыратын пәрменді құрал ретінде қарастырудың тиімді жолдарын талқылады. Педагогтер өз тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіре отырып, білім беру ұйымдарының оқушылардың қаржылық мәдениетін дамытудағы рөліне, жауапкершілігіне және болашақтағы ықпалына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық элементтерін оқу үдерісіне кіріктірудің практикалық тәсілдері ұсынылып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы интерактивті ойындар мен тапсырмалар әзірлеу жолдары көрсетілді.

Вебинар барысында спикерлер Мамбетова Г.Б., Кисымова С.М., Хамзина Г.М., Бутылкина О.В., Хамзин Д.М., Изтлеуова А.Ү., Хамзина А.Б., Стратинская О.В. өздерінің үздік педагогикалық тәжірибелері мен практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

Вебинарда көтерілген өзекті тақырыптар мен ұсынылған тәжірибеге бағытталған идеялар педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін берді.

Іс-шараның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне үлес қосқан барлық спикерлерге және белсенділік танытып, пікір алмасуға атсалысқан қатысушыларға алғыс білдіреміз.

№27 мектеп-лицейінің әкімшілігіне вебинарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Дереккөз

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ