ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік
орталыгымен бірлесіп еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім
алушылардың эстетикалык және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу,
балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау мақсатында дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық
домбырашылар акциясы өткізілді.
