Қош келдің, Жаңа жыл

Әр балаға қамқорлықпен

Мектебімізде ерекше балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және жылы достық атмосфера қалыптастыру.
Іс-шараға 104 оқушы қатысып, осы оқушыларға демеушілік етіп сыйлықтар алып келген ардагер ұстазымыз, қамқоршылық кеңестің мүшесі Куанышова Алтын Бахрадиновнаға және оның отбасына алғысымызды білдіреміз

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ