Көркем еңбек сабағында интерьерге арналғанбұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдері

Семинарлар

2026 жылғы 05 қаңтар күні №27 орта мектеп-лицейінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д.А.Қазиеваның «Көркем еңбек сабағында интерьерге арналған
бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында шығармашылық шеберханасының ашылуы өтті.
№1 шебер-сынып «Мандала тоқу – мұғалімнің креативті ойлауын дамытудың құралы» тақырыбында жүргізілді.
Мақсаты: Мандала тоқу өнері арқылы мұғалімдердің креативті ойлауын, эстетикалық талғамын және эмоционалдық тепе-теңдігін дамыту; өнер мен педагогиканы ұштастыру арқылы оқыту үрдісінде шығармашылық идеяларды қолдану қабілетін жетілдіру арқылы көркем еңбек сабағында қолдануға болатын жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Шығармашылық бастаманы кафедра мұғалімдері Князбаева Л.К., Жұмабаева Н.С., Пичкурова О.С., Тлеубаева З.К., Төлегенов О.С., сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Шляхтурова И.В. қолдады. Шара жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық қолөнер дәстүрлерін насихаттауға бағытталды. Шебер сынып соңында қатысушылар өздерінің рухани демалыс алғандарын айта отырып, тамаша пікірлерін білдірді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ