Класс жетекшілерімен жоспарлы кездесу өтті

Әкімшілік хаб

📚 Класс жетекшілерімен жоспарлы кездесу өтті

Бүгін мектепте класс жетекшілерімен жұмыс барысын талқылауға арналған кездесу өткізілді. Кездесу барысында маңызды бағыттар қарастырылды:

  • Оқушылардың мектепке келуі, тәртібі және жалпы жағдайы
  • Қолайсыз отбасылардан шыққан балалар, көпбалалы отбасылардың балалары, тәуекел тобындағы оқушылар, сондай-ақ мінез-құлқы күрделі балалар тізімін нақтылау
  • Сыныптардың сапалық көрсеткіштері, үлгерім деңгейі және оқу сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау
  • Оқушылардың жетістіктері, олардың мектепішілік және сыртқы үйірмелер мен секцияларға қатысу белсенділігі
  • Алдағы тәрбие жұмыстары мен алдын алу шараларын үйлестіру

Мұндай кездесулер сыныптағы жағдайды жан-жақты бағалап, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді жұмыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ