Кітаптың құрылымы

№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» аясында 3-сынып оқушыларына «Кітаптың құрылымы» атты кітапханалық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылардың кітап құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақ «Кітап құрылымы» слайдын көрсетумен басталды. Жас оқырмандар кітаптың негізгі элементтерімен және құрылымымен танысып, оның көмегімен бұл кітап оларға қажет пе, оқуға қызық па,оның не туралы екенін білді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ