«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында оқулықтарды сақтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында «Кітапқа бетбелгі» шеберлік сыныбы өткізілді.
Оқушыларға бетбелгі не үшін қажет екені және оқулықтармен ұқыптылықпен жұмыс істеу туралы айтылды.
Бетбелгі кішкентай болса да, кітап оқығанда өте пайдалы нәрсе. Егер кітапта бетбелгі болса, онда кітап реттелген және оқырмандарға ұзағырақ қызмет етеді.
Әрине, адамдар өздері жасаған бетбелгіні пайдалануға дайын болады, өйткені оған олардың жанының бір бөлігі салынған.