«Кітап оқитын ұлт» және «Балалар кітапханасы» республикалық жобалары аясында №27 орта мектеп-лицейінің 4 «Д» сынып оқушылары «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Мектеп оқушылары кітапхана қорына классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заманғы қызықты балалар әдебиеті мен энциклопедияларға дейінгі әртүрлі кітаптарды тарту етті. Акцияның басты мақсаты — мектептің кітап қорын байыту және өскелең ұрпақты кітапты ұқыпты ұстауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар бұл кітаптарды енді басқа да оқушылар оқи алатынын мақтанышпен сезініп, үлкен қуанышпен табыстады. Жас оқырмандарымыз бен олардың ата-аналарына ақ ниеттері мен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!
