Мектеп кітапханасы – оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың кітапханалық-ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану құқығын қамтамасыз ету мақсатында білім беру процесіне қатысатын жалпы білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі.
Мектеп кітапханасы 1984 жылы мектебіміз ашылғаннан бері құрылған. Мектептің екінші қабатында орналасқан, 16 орындық оқу залымен біріктірілген кітапхананың жалпы ауданы 64,9 ш.м.
Кітапхана қызметкерлері: 1 адам. Кітапхана меңгерушісі Гүлнар Құдайбергенқызы Уналбаева
Кітапхананың негізгі қорында: 45 454 дана, оның ішінде қазақ тілінде – 14 669 дана, орыс тілінде – 30 785 дана.
Кітапхананың оқу қоры 35297 дананы құрайды. Ағымдағы оқу жылында барлығы 2387 дана жаңа әдебиеттер алынды, оның ішінде қазақ тілінде – 733 дана, орыс тілінде – 1222 дана, басқа тілдерде – 432 дана.