Кітап — рухани қазына

Кітапхана іс-шарасы

📚⚜️№ 27 орта мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларына арналған № 3 қалалық кітапханамен бірлескен іс-шара өтті. «Кітап — рухани қазына» деп аталған бұл ақпараттық кездесу оқу мәдениетін насихаттауға және жаңа кітап марафонын бастауға бағытталды. Талқылау барысында оқушылар әдебиетке деген құштарлықтың жеке қасиеттерді дамытуға қалай ықпал ететінін, сондай-ақ оның танымалдылық пен құнды сыйлықтарға қол жеткізуге жол ашатынын білді. Ұйымдастырушылар қатысу ережелері, марафон кезеңдері және әрбір қатысушыға ұсынылатын ерекше мүмкіндіктер туралы толық мағлұмат берді. Кітап оқу — жай ғана әуестік емес, ол жеке табыс пен рухани дамуға апаратын жол. Марафонға қосылыңыз және мектебіміздің ең көп оқитын мектеп екенін дәлелдеңіз!
📖 Болашақ – оқитын ұлттікі!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ