Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында «Кітап бетіндегі əйел тағдыры» атты кешенді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әйел тағдыры шығармалардың арқауы, жазушылардың басты кейіпкерлері болды. Көрмеде әйелдер өмірін, олардың күш-қуатын, осалдығын, қайсарлығын танытатын Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиля», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» секілді тамаша туындылар және Фариза Оңғарсынованың өлеңдері қойылды. Сондай-ақ көрмеде жас және орта жастағы оқырмандарға арналған әңгімелер мен повестер жинақтары, ұлттық киім туралы кітаптар қойылды.
Әрбір кітап әйелдер басты рөл атқаратын әлем туралы бірегей перспективаны ұсынады.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында адамзаттың сұлу жартысын осынау көктемгі махаббат пен жылулық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
