«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі жалғасуда! 📚✨
Бағдарлама аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және классикалық шығармаларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында «Кітап әлемінде» атты квест ойыны ұйымдастырылды. 🎯📖
Іс-шара барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптардың мазмұны мен кейіпкерлеріне байланысты түрлі тапсырмаларды орындады: жұмбақтар шешті 🧩, сүйікті кейіпкерлерін еске түсірді 🦸♂️📚, сондай-ақ тақырыптық станцияларда белсенділік танытты 🚀
Мұндай шаралар оқушылардың әдеби кейіпкерлер туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, кітаптың даналық пен рухани дамудың маңызды көзі екенін түсінуге ықпал етеді 🌟📘
