Қазіргі балалар және рухани құндылықтар

Кітапхана іс-шарасы

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектебіміздің кітапханасында «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» атты жыр сағаты өтті 📚✨
Іс-шара барысында мәңгілік тақырыптар — мейірімділік, жанашырлық, туған жерге деген сүйіспеншілік сөз болды ❤️🌿 Оқушылар жүрекке жылы тиетін, ой салатын өлеңдерді мәнерлеп оқыды 🎤📖 Поэзия арқылы балалардың ішкі жан дүниесі байып, адамгершілік қасиеттері қалыптасатыны байқалды 🌟 Осындай шығармалар оқушыларға ізгілік пен жақсы сезімдерді сезінуге мүмкіндік береді 🤍

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен поэзияға деген қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз! 🙏💐

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ