Астана ауданы әкімінің орынбасары Б. Талғатұлының төрағалығымен Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қараусыз қалуының алдын алу, құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттерге әкелетін себептерді анықтау және оларды болдырмау мәселелері талқыланды.
Аталған жиынға №27 мектеп өкілдері қатысты.
Жиын қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берген ата-аналарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар қолданылып, ескерту жасалды.
Сондықтан, құрметті ата-аналар, балаларымыздың тәрбиесіне бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарайық.



