“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласы №27 орта мектеп-лицейінде еліміздің танымал ақыны Қайнар Алагөзовпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде мектеп оқушылары Қайнар Алагөзов, Аян Сейітовтің өлеңдерін оқып, күмбірлетіп күй шертіп, мың бұралып билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Қайнар Алагөзов өлеңін оқып, оқушыларға тағылымға толы әңгімесін айтып, жас кезінен өнер-білімге құштар болғанын жеткізді.
Оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне Қайнар ақынмен кездесу шабыт сыйлап, өнерге деген қызығушылығын арттырды. Кездесу соңында ақыннан қолтаңба алып, алғыстарын жеткізді.
Қазақ өнерін өрге сүйреп, шын жүректен шыққан өлеңдеріңіз бізге шабыт сыйлап, жанымызға қуат бола берсін! Қаламыңыз ешқашан мұқалмасын, жырларыңыз мәңгілік болғай!
Ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімдері Наурызбекова Р.М., Абдинагиева У.А.