Химия сабағында интерактивті оқыту әдістері мен химиялық экспериментті тиімді қолдану

Бүгін 22.09.2025ж. күні №27 орта мектеп –лицей базасында Өрлеу біліктілік арттыру институтымен біріккен «Химия сабағында интерактивті оқыту әдістері мен химиялық экспериментті тиімді қолдану»тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді

Семинар мақсаты: Химия пәні сабақтарында интерактивті оқыту әдістері мен химиялық экспериментті тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және білім сапасын жетілдіру болды. Семинарда мектептің тәжірибелі ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды Ермекбаева Лаззат Женисовна – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша КДИ, «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы» кафедрасы аға оқытушысы, э.ғ.м. және Хамзина Гульжан Минуллаевна – «№27 орта мектеп – лицейі» КММ директоры ашты
Семинар тәжірибелі ұстаз Ишеева Диана Абуталиповнаның «Тұлғалық қасиеттердің периодтық кестесі»тренингімен және семинарға қатысушыларды топқа бөлу үшін мектеп психологы Литвиненко Валентина Александровна «Атомдар мен молекулалар» жаттығуын жасаумен басталды.

Семинарда химия пәні мұғалімдері: «Качественный анализ катионов Li+, Ca2+, K+, Cu2+, Ba2+, Fe3+, Fe2+, Cu2+» тақырыбымен 9 «б» класында Буркутова Ляйля Жиенгалиевна, «Қоспаларды бөлу әдістері. №2-зертханалық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту»тақырыбында 7 «а» класында Игалиева Гулмира Несипкалиевна ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар мектеп директоры Хамзина Гульжан Минуллаевна «Инструменты Plickers – интерактивные задания на уроках химии», жаратылыстану кафедрасының жетекшісі Шевченко Светлана Анатольевна «Интерактивные методы обучения в преподавании химии и биологии в рамках лицейского компонента. Через опыт к знаниям» тақырыптарында панорамалық сабақ көрсетіп іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарда келген қонақтар да өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында мектеп психологы Бекбосынов Айсұлтан Сақытжанұлы «Көңіл-күй түстері» тақырыбында рРефлексия өткізді. Семинарға қатысушылар семинардан алған әсерлерін, өз пікірлерін көңілді түстер арқылы тамаша жеткізді. Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша КДИ, «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы» кафедрасы аға оқытушысы, э.ғ.м. Ермекбаева Лаззат Женисовна мектеп ұжымына институт атынан алғыс айтты.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ